BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Астана автобустарының бірінде жолаушы әйел қайтыс болды

Қайғылы оқиға 24 қаңтар күні №48 маршрутта болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Астана LRT» қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаеваға сілтеме жасап.

Сағат 19:00 шамасында әйел адам «Артем» базары маңындағы аялдамадан №48 маршрутқа отырады. Орбита ықшам ауданына бармақшы болған әйел автобус салонында талып құлайды. Жанында отырған жолаушылар дүрбелеңге салынып, жедел жәрдем шақырады.

Оқыс оқиға орнына келген дәрігерлер 1969 жылғы әйелдің сол жерде көз жұмғанын анықтайды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің ажал құшуына жүрек талмасы себепші болған. Криминалистер автобус салонында тергеу шараларын жүргізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер