BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Астана әуежайы маңынан өрт шықты

Астана қаласындағы әуежай алаңы отқа оранды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілер растады. Аталған редакция оқырмандары алаңның өртеніп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

ТЖ комитетінің мәліметінше, қураған шөп пен қамыс өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтауға 10 өрт сөндіруші мен екі арнайы техника жұмылдырылды.

«Өрт әлі де сөндіріліп жатыр. Ол адам өміріне қауіп төндірмейді. Алаңның қанша бөлігі өртенгені өлшенетін болады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер