BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Almaty Towers-тегі өрт: Батут орталығының директоры мен дәнекерлеушіге қатысты үкім шықты

Фото: tengrinews.kz

Алматыда Бостандық ауданының №2 сотында Almaty Towers ғимаратында болған өрт жағдайына қатысты үкім шықты. Өрт салдарынан алты адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот дәнекерлеуші Александр Жукты ҚР ҚК-ның «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу» 292-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Ол бес жылға бас бостандығынан айрыылды. Ол жазасын қауіпсіздігі аз түзету мекемесінде өтейтін болады.

Өртеніп кеткен батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов та ҚР ҚК-ның «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу» 292- бабы, 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Ол 4 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі аз түзету мекемесінде өтейтін болады.

Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде қайта шағымдануға болады. Өткен сот отырысында айыпталушылар соңғы сөздерін айтқан болатын. Жук оқиғаның анық-қанығын айтқан еді. Еске сала кетсек, 2016 жылдың қараша айында Сәтбаев және Ба»йзақов көшелерінің қиылысындағы Almaty Towers ғимаратында өрт болды. Өрт салдарынан Алматыдағы жоғары оқу орындарының алты студенті мен бір дәнекерлеуші қаза тапты. өрт болған кезде есік жабық болғандықтан студенттер тысқа шыға алмай қалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер