BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соғысты

2018 жылдың 12 тамызында сағат 17-30-да Қазығұрт ауданында «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 786 шақырымында «Daimer Chrysler 205d» және «ГАЗ-53» екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында 1 Өзбекстан Республикасының азаматы қайтыс болды, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарымен Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның ішінде 2 бала.

Оқиға орнына ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 дана техникасы, 8 тәртіп сақшы, жедел жәрдемнің 6 маманы мен тағы 4 техника шығып, зардап шеккендерге көмектесті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер