BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматыдағы сауда орталығында сәби 3-қабаттан құлап түсті – куәгер

Фото: tengrinews.kz

Оқыс оқиға Түрксіб ауданындағы «Март» сауда ойын-сауық орталығында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, бүгін сағат 17:30 шамасында олар әйелдің айғайлаған дауысын естіген. Сауда орталығындағы адамдар төменгі қабатқа жүгірген.

«Әйел баласын көтеріп, эскалатормен төртінші қабатқа көтеріліп келе жатқан. Екінші сәбиі арбада болды. Бір кезде әйелдің қолындағы бала басымен төмен үшінші қабаттан құлап кетті. Жедел жәрдем бригадасы баланы ауруханаға әкетті», - деді куәгер.

Оның айтуынша, құлаған бала шамамен 2-3 жаста. Жедел жәрдем келгенде, сәби әлі тірі болған.

«Бала ес-түссіз жатты. Біраз уақыттан кейін көзін ашып, жылай бастады. Үсті-басы қан еді», - дейді куәгер.

«Сәби бас сүйек-ми жарақатымен бірінші балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп мәлімдеді дәрігерлер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер