BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі бірден 7 көлікті соғып өтті

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға Назарбаев пен Сатпаев көшесінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жүргізуші Сатпаев көшесімен келе жатқан, жағдайы нашарлап кеткеннен кейін тұрақта тоқтап тұрған көліктерді соғып өткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бүгінде жүргізушіге медициналық көмек көрсетілуде. Қандай диагноз екенін білмейміз, медицина мамандары диагнозды өздері қояды», — делінген Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жол көлік оқиғасы барысында 7 жеңіл көлікке залал келтірілген, оқиға барысында жүргізушілер көліктерінде болмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер