BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Алматыда жүк көлігі мен шетелдік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: vestirama.ru

Бүгін Алматыда жүк көлігі мен шетелдік маркалы көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kaztag.info сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы сағат шамамен 15:00-де Райымбек даңғылында №7 қалалық клиникалық аурухана мен «Алтын орда» базарының ортасында болған. Жүк көлігі бұзылып қалғандықтан, сол жақ қатарға тоқтап, жүргізушісі жөндеу үшін көліктің астына кіріп жатқан. Осы кезде батыс бағыттан Volvo маркалы көлік келе жатқан. Белгісіз себептермен ол жүк көлігіне соғылады.

Жол-көлік апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал Volvo көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер