BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда жол апатынан анасы мен қызы қаза тапты

Фото: ru.sputniknews.kz

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Audi 100 автокөлігі жол бойында тұрған жүк көлігіне соғылып, бірнеше метрге ұшып кетті. Көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, әйел жүргізіп отырған Audi 100 көлігі Әл-Фараби көшесінің бойымен кетіп бара жатқан. Шашкин көшесі мен Esentai mall сауда орталығының ортасында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші әйел көлік тежегішін басып үлгерместен, жүк көлігіне соғылды. Қатты соққыдан жеңіл автокөлік бірнеше метр қашықтыққа ұшып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел мен көлікте өзімен бірге отырған оның үш жасар қызы қаза тапты. Сондай-ақ, жол жұмысшысы зардап шегіп, әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келді. Болған жағдайдың мән-жайын жол және қылмыстық полиция қызметкерлері анықтауда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер