BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Алматыда жатақхана өртеніп, 230 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы қаласындағы жатақханалардың бірінен өрт шығып, 230 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 23:16 шамасында Алматы ТЖД «101» қызметіне жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Аталған жатақхана Бостандық ауданы, Ғабдуллин көшесінде орналасқан.

«Бірінші өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минуттан кейін келіп жетті. Дәлірек айтсақ, сағат 23:22-де. Төртінші жатақхананың үшінші қабатындағы бір бөлме өртеніп жатқаны белгілі болды. 230 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - дейді Алматы қаласы ТЖД өкілі Баймұхамбетова.

Өрттің аумағы 18 шаршы метрді құрады. Өрт құтқарушылар келгенше сөндірілген. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін жатақхана тұрғындары іштегі крандарды пайдаланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер