BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматыда жас жігіт көлік қағып қайтыс болды

Фото: 24.kz

Зардап шегуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Mercedes көлігі жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Қатты қаққаны сондай, көліктің алдыңғы әйнегі тесіліп қалды.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылында болды. Көлік даңғыл бойымен жүріп бара жатқан кезде ер адам көшенің арғы бетіне жүруге болмайтын жермен өтіп бара жатқан. Көліктің қағып кетуі салдарынан ол жедел жәрдем қызметі келмей тұрып көз жұмды.

Анықталғандай, жолдан өтіп бара жатқан ер адам өзімен бірге құжаттарын алып жүрмеген болып шықты. Ол шамамен 20-25 жастағы жігіт.

Алматыда полиция қызметкерлері болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер