BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі азамат көз жұмды

Алматыда екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан әйел мен бала қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Сүйінбай көшесінде келе жатқан Volkswagen Touareg көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Audi 100 маркалы автокөлігіне соғылған.

Соққының ауыр болғаны соншалық автомашиналардың бөлшектері он метрге ұшып кеткен. Жол апатынан Audi 100 көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Сол машинадағы екі кішкентай бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың бірі аураханада көз жұмды.

Сондай-ақ куәгерлер Volkswagen Touareg көлігінің жүргізушісі қатты мас болғанын және оның жылдамдықты асырғанын айтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер