BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі баланың денесі табылды

Алматыдағы Түрксіб ауданында жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғындар хабарлады.

Кейбір мәліметтер бойынша, екі баланың мәйіті тоңазытқыштың ішінен табылған. Мұның алдында әйел үш баласымен пәтерді жалға алған екен. Балаларының үлкені төрт, ал ортаншысы бір жарым жаста болған. Кенжесі бір жасқа да толмапты.

Жақында көршілер пәтерден бір иіс шыға бастағанын сезіп, полицейлерді шақыртқан. Полицейлер есікті бұзып кіріп, екі баланың денесін тапты. Әйелдің өзі мен үлкен баласының қайда екені белгісіз.

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәліметті растады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер