BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматыда үш әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам қамауға алынды

Фото: LovlyaVsem

Алматыда үш әйелді өлтіргені үшін айыпталған ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында қарастырылған заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін айыпталушы азамат П.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот отырысы судья Бақытхан Бәкіровтың төрағалық етуімен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық түрде өтеді. Алдын ала тыңдалу күні әлі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта айыпталушы қамауда.

2017 жылғы 7 желтоқсанда Алматы қаласының ІІБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері азамат П.-ны Алматы қаласының екі тұрғынын тұрмыстық жағдайда, алкоголь өнімдерін бірге ішу кезінде өлтіргені үшін күдікті ретінде ұстады. Полицияның мәліметінше, айыпталушы сондай-ақ 1994 жылы туған азамат К.-ны тонау мақсатында өлтіруге қатысы бар.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда құрбандарды қатыгездікпен ішкі мүшелерін кесіп өлтірген адамның төрт күн бойы іздестіріліп жатқаны туралы айтылған болатын.

«Құрбандардың ішкі органдарын кескені туралы ақпарат сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша расталған жоқ. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер