BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматыда той сыйлығын бөлісе алмаған ерлі-зайыпты бір күннен кейін ажырасып кетті

Алматылық АХАТ қызметкері ең қысқа мерзімді неке жайында айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркісіб аудандық АХАТ бөлімінің жетекшісі Жанна Дүйсембаеваның айтуынша, Алматыда ерлі-зайыптылар некесін қиып, ертеңінде ажырасып кеткен.

«Мен керемет той өткіздім. Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Тойға 1 мыңға жуық қонақ шақырылды. Ерлі-зайыптылардың ата-анасы ауқатты болды. Олар Алматыда тұратын. Ертеңінде жас жұбайлар ажырасуға өтініш жазуға келді. Себебі, олар тойдағы кейбір сыйлықты бөлісе алмапты. Осындай тосын оқиға тіркелді», - деді АХАТ бөлімінің жетекшісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер