BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Алматыда тек әйелдерді алдап келген алаяқ ұсталды

Фото: Әуезов аудандық ІІБ

Алматы қаласы Әуезов аудандық полицияның қызметкерлері 29 жастағы Ғазиз Наурызбаев есімді азаматты қамауға алды. Бүгінде тергеудің алғашқы кезеңінде оның үш іске қатысы бар екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Үш жағдайда қылмыскер тек әйелдерді алдап соққан.

«Наурызбаевтың тұзағына үш жағдайда да әйелдер түскен. Ол өз құрбандарының сеніміне кіріп, өзін табысты адам ретінде көрсете білген және жер телімдерін тиімді бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Алаяқтық құрбанының бірі оған 11 млн теңге санап берген. Бүгінде ол қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді Ауезов ауданы ІІБ бастығы, полиция полковнигі Жасұлан Тұрыспаев

Айта кетейік, аталған азаматты таныған және оның алаяқтығының құбары болған жағдайда мына телефондарға хабарласуға болады: 298-53-05; 298-53-02 және 8-7047-200-08-56.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер