BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Алматыда тағы да банкке шабуыл жасалды

Алматыда тапа-тал түсте банк алдында қарақшылық шабуыл жасалды. Голливудтың киноларындағыдай, 30 секундтың ішінде 15 миллионды қолды қылып, қашып үлгерген қылмыскерлер, ірі көлемдегі ақшаның қай кезде шығатынын алдын ала білген көрінеді. Шабуыл кезінде екі адам соққыға жығылды.

Банктен 15 миллион 670 мың теңге алып, көлігіне бет алған фирманың бас бухгалтері мен оның әріптесі тонаушыларға тап болған. Еуропалық келбеттегі зіңгіттей екі азамат жігітті бір ұрып, келіншектің қолындағы сөмкені күштеп жұлып алған. Жағы сынған азаматты жедел жәрдем ауруханаға жеткізіп, оған шұғыл түрде ота жасауға тура келіпті.

АЙДОС АЙМҰХАНБЕТОВ, дәрігер:

- 30 жастағы Симинеев деген науқасқабылданды. Қабылдау бөлімінде клинико-лабораторилық, рентгендік зерттеу өткіздік науқасты. Зерттеп, тексерген кезде жақтың төменгі жағында екі жақты ығысқан сынығы деген диагноз қойылды.

Полиция қарақшылық шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар қылмыскерлер алыстан келмейді деген ойда. Осы оқиғадан кейін банк қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыскерлерді ұстау үшін полициямен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

ТИМУР СТАМҚҰЛОВ, Банктің қауіпсіздік департаментінің өкілі:

- Қазқкоммерцбанктің барлық бөлімшелерінде қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған. Егер банкте қылмыстың шешілуіне қандайда бір үлес қоса алатындай фото не видео жазбалар болса прокурор санкциясынан кейін біз оны беруге дайынбыз.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті осы оқиғаға қатысы бар деген үш күдіктіні ұстады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ІІД-нің баспасөз хатшысы:

- Бұл дөрекі қылмыстың бетін ашу үшін арнайы тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полиция басқармасының қызметкерлері де кірді. Қазіргі таңда сезіктілердің барлық аты-жөні анықталды. Оларды ұстау бір-екі күннің шаруасы әрі кеткенде.

Алматыда қарақшылардың ірі көлемде ақшаны қолды етуі бірінші рет емес. Бұған дейін де қылымыскерлер Ресейлік кәсіпкердің көп ақша алғанын біліп тонаған. Полиция бұл қылмысты аталған компанияда істейтін адамның нұсқауы бойынша екі адамның жасағанын анықтаған.

31-арна


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер