BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Алматыда шетелдік көлік әйелді қағып өлтірді

Фото: 0352.ua

Әйел жерасты өткелінен 30 метрлік жерде жүруге тыйым салынған тұстан жолды кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Абай және Ұлықбек көшелерінің ортасындағы Сайын көшесінде болды.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Toyota Camry және KIA Cerato көліктері солтүстік бағытқа бет алып бара жатқан. Ұлықбек көшесіне жетпей, Сайын көшесінде, жерасты өткелінен 30 метрлік қашықтықта 41 жастағы әйел тыйым салынған тұста жолды кесіп өтпек болған. Camry көлігінің алдында болжам бойынша Toyota Ipsum көлігі келе жатқан. Ол көліктегі жүргізуші жол бойындағы әйелді көріп, тежегішті басып, жол берген. Осы кезде шеткі оң жақ жолақта кетіп бара жатқан KIA Cerato көлігінің жүргізушісі жол үстіндегі әйелді көріп, рөлді солға бұрып, Camry көлігіна соғылып, одан кейін әйелді қағып кеткен.

Әйел көп дене жарақатын алып, ауыр күйде ауруханаға жеткізілген, бірақ көз жұмды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер