BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Алматыда Nissan Almera маркалы көлік толықтай жанып кетті

Төтенше жағдай оңтүстік астанада Қарасай көшесінің бойында, №182 үйге қарама-қарсы жерде болды. Nissan Almera маркалы көлік толықтай жанып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай болған жерге бір өрт сөндіру тобы келіп жетті. Құтқарушылар өртті аз уақыт ішінде толықтай сөндірді. Өртенген жердің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрттің шығуына қысқа тұтану себеп болған. Дәл қазір ТЖД өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер