Алматыда мектеп бітірушілер төбелесіп қалды  - Оқиға|26 Мамыр 2018, 13:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Алматыда мектеп бітірушілер төбелесіп қалды 

Фото: Скриншот

Алматы қаласындағы Президент паркінде төбелескен мектеп түлектерінің видеосы желіге тарап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің бітірушілері бұл қақтығыстың қатысушылары болған.

«Ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен жанжал дәл сол жерде шешілді. Полицейлер жақын жерде тұрған болатын және қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін өздеріне алды. Жанжалды шешкен соң жасөспірімдердің бір-біріне деген наразылығы болмады», - деді Салтанат Әзірбек.

Соңғы қоңыраудың құрметіне паркте қыдырып жүрген кезде мектеп бітірушілері арасындағы жанжалды болдырмау бойынша алдағы шараларды жүргізу сынып жетекшілері мен олардың ата-анасына жүктелді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер