BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Алматыда көлік 5-сынып оқушысын қағып өлтірді

Алматы қаласында көлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 5-сынып оқушысын қағып өлтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасының «Территория проишествий» бағдарламасына сілтеме жасап.

Көлік оқушыны Гете көшесінің бойында орналасқан №31 мектептің алдында қағып кеткен. Оқушыны қағып өлтірген Toyota автокөлігі оңтүстікке қарай жылжып бара жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, оқушы жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Дәл қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер