BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды

Фото: kaztag.kz

Ер адам жолдың өтуге тыйым салынған жерінен жүгіріп өтпек болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде Алматыда белгісіз ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды. Қайғылы жағдай Райымбек даңғылының бойындағы «Алтын Орда» базарының маңында болған.

Ол тыйым салынған жерде жолдан өтпек болған. Куәгерлердің айтуларынша, жолда келе жатқан Toyota Rav 4 көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Toyota көлігі тоқтаған кезде оған маркасы белгісіз көлік соғылып, оқиға орнынан ізін суытқан. Болжам бойынша, ол Subaru маркалы көлік болуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Желтоқсан 2018, 19:28
Астанада 9 көлік соқтығысты
Пікірлер