BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Алматыда балалар мен асырап алушылардың мәліметтері сақталған компьютерлер ұрланды

Қылмыс түнде жасалған, ұрлықшылар кеңсеге терезе арқылы кіріп, төрт процессор, монитор мен ноутбукты алып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі informburo.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматыда Медеу ауданының қамқорлық және қорғаншылық органдарынан жүздеген баланың мәліметтері сақталған компьютерлер ұрланды. Ұрлықшылар кеңсеге терезе арқылы кіріп, стационарлық компьютерлер мен бір ноутбукты қолды қылған.

Аталған фактіні қалалық ІІД растады. Полицияның мәліметі бойынша, ұрлық 10 қазанда жасалды. Қылмыс кезінде кеңседе адам болмаған.

«10 қазанда таңғы сағат төрттер шамасында Қалдаяқов көшесіндегі №33 мектебінен төрт процессор, екі монитор мен бір ноутбук ұрланды. Мүлік Алматы қаласы білім басқармасы Медеу ауданының қамқорлық және қорғаншылық органдарына тиесілі болған», - деп мәлімдеді ІІД-ден.

Қамқорлық бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, компьютерлерде балалар мен асырап алушылардың ұзақ жылдар бойы жиналған сауалнама мәліметтері сақталған.

«Барлық тізім, мәлімет сонда болатын. Түнде біреу терезе арқылы кірген, терезе жақтауларын бүлдірген. Күзетші ештеңе естімегенін айтты. Зардап шеккендер жоқ», - деді қамқорлық бөліміндегілер.

Қазір полиция көшедегі бейнебақылау камераларының видеосын зерттеп жатыр. Әзірге күдікті жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер