BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыда автобустан шыққан жолаушыны көлік қағып кетті

Фото: 112.ua

Полиция қызметкерлері болған жағдайдың мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Автобус жүргізушісі жолаушыларды тоқтауға тыйым салынған жерде түсірген, сол себепті жол-көлік оқиғасы орын алған.

Бұл жағдай Момышұлы көшесінің бойында Жұбанов көшесіне жетпеген жерде болды. Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуларынша, автобус Момышұлы көшесі жолының сол жағында оңтүстік бағытқа бет алып бара жатқан. Ол Жұбанов көшесіне жетпеген жерде тоқтап, тыйым салынған жерде жолаушының автобустан түсіп қалуына рұқсат еткен.

Осы уақытта автобустың артқы есігінен бойжеткен шығады. Сол жерден өтіп бара жатқан «Лада Ларгус» көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей қалып, бойжеткенді қағып кеткен. Әртүрлі дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер