BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Алматыда автобус пен Mercedes соқтығысты: Жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: http://stv-online.kz

Алматыда №38 бағытындағы автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, көлік апатынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде түсті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Green Bus автопаркінің мәліметінше, Mercedes көлігінің 1990 жылғы жүргізушісі қатты зардап шеккен. Дәрігерлер Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында болған көлік апаты туралы жедел жәрдемге сағат 08.22-де хабарланған. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің алты бригадасы барған.он адам медицина көмегіне жүгінген. Зардап шеккендердің үшеуі жол-көлік оқиғасы болған жерде тексеріліп, ауруханаға жатудан бас тартқан. Төртеуі №7 қалалық ауруханаға жатқызылған.

«Қабылдау бөлімінде зардап шегушілерді жетекші маман медициналық тексерістен өткізіп, нәтижесінде үшеуі амбулаториялық ем алуға жіберілсе, біреуі ауыр дене жарақатымен жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккен тағы екі адам қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, одан кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Біреуі перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына орталығына жатқызылды.

«Медициналық тексеруден кейін зардап шегушіге ауруханаға жатуға кеңес берілген, бірақ оның ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», - дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

Алматыда№38 бағыттағы автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысып қалуы салдарынан жеңіл көлік жол шетіне шығып кетіп, жарнама ілініп тұрған қалғанға соғылған. Mercedes көлігінің жүргізушісі де, автобустағы жолаушылар да зардап шекті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер