BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған апаттан зиян шеккен жұмысшы қайтыс болды

Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылының бойында болған жол-көлік апатында зиян шеккен жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел мен бала өлген жол-көлік оқиғасы 13 наурыз күні кешкі уақытта болды.

«Ер адам қаладағы клиникалардың біріне ауыр халде келіп түсті. Оның алған жарақаттарынан кейін аман қалу мүмкін емес еді. Науқас бүгін түнде жансақтау бөлімінде жатып қайтыс болды», - дейді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін жол-көлік оқиғасы салдарынан 1973 жылы туған азаматтың зиян шеккені және бір әйел мен оның баласының қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер