BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Алматыда көшедегі адамның үстіне ағаш құлады

Алматы қаласында діңгекті алмастырған ағаш ер адамның үстіне құлап кетті. Бұл діңгекке троллейбус желісінің сымдары байланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасының «Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасап.

Оқиға 17 мамыр күні Береговой көшесінің батысына жақын Шаляпин көшесінің бойында болды. Контейнерлер тасымалдаған жүк көлігінің сымды ілген күйі жүріп кеткені белгілі болды.

Өткен жылы көлік діңгекке барып соғылған соң троллейбус сымы ағашқа байланған. Ағаш көше бойында тұрған ер адамның басына құлап, сол жердегі көлікті зақымдаған. Дәл қазір оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер