BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыда биыл есірткі заттарын саудалаған 80 астам сайтқа тосқауыл қойылды – Салтанат Әзірбек

Фото: Автор

Алматы. Baq.kz тілшісі. Жыл басынан бері Алматы полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын садалап жүрген 300-ге жуық азаматты ұстап, 80 келіге жуық есірткі затын тәркіленді. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында өткен брифингте мәлім етті.

Жиын барысында ол, қазір есірткі саудасы өте өзекті болып отырғандықтан Алматы қалалық ІІД оған қарсы күресте жіті назар аударып отырғандығын және алдағы уақытта қаладағы оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

«Синтетикалық есірткі заттар қазір қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені келешек ұрпағымыз теріс қылықтарға бой алдыруда. Жас ұрпақты есірткі заттарынан аулақ ұстау үшін қала әкімінің тапсырысымен «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының қолдауымен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алып отырмыз. Оқу орындарының барлық санаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы түсіндіру науқаны басталды», -дейді ол.

Сонымен қатар ол, ата-аналар да баласының немен айналысып жүргенін үнемі бақылып отыруға шақырды. Өйткені қазір есірткі саудалаушылар жасөспірімдерді аздаған ақша беріп, есірткі заттарын сатып алушыларға жеткізіп беруге пайдаланады екен.

«Бүгін таңғы бестер шамасында Медеу ауданында «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесе отырып есірткі затын сатып алған азаматты қолға түсірдік. Ер азамат осындай қылмыс бойынша бұрын жауапкершілікке тартылған болып шықты. Ол 5 мың теңгеге өзіне қажетті есірткі заттарын сатып алған. Қазіргі таңда осы есірткі затын саудалаған және оны дәл сол орынға апарып тыққан адамдарды анықтау үстіндеміз», -деді ол.

Сондай-ақ ол, технология дамыған сайын есірткі затын саудалаушылар да жаңа тәсілдерге көшкен. Бұрын сатып алушылармен телефон арқылы тікелей байланысып жүрсе, қазір сайттар мен месенджерлер арқылы саудалайтын болған.

«Жыл басынан бері Алматы қаласының полицейлері есірткі заттарын саудалаған 80-нен аса арнайы сайт пен месенджерлерді әшкерелеп, олардың жолын кесті. Ал жалпы Қазақстан бойынша 1133 сайтқа тосқауыл қойылды», -деді С. Әзірбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер