USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Алматыда 6 полицейді жайпап салған күдікті кикбоксингтен «спорт шеберлігіне кандидат» болған

Өзін Алматы қаласында 18 шілде күні бірнеше полицейді өлтіріп, бірнешеуін жарақаттады деген айып тағылған Руслан Күлікбаевтің досымын деп таныстырған азамат Күлікбаевтің бала кезінен кикбоксингпен шұғылданғанын, осы спорт түрімен айналысып жүріп біршама нәтижеге жеткенін айтады.

Атын атамауды өтінген ол редакцияға Руслан Күлікбаевтың спортта жеткен жетістіктеріне айғақ болатын медальдар мен грамота, дипломдардың да суреттерін жолдаған. Айтуынша, кикбоксингпен шұғылданған Күлікбаевтің «Спорт шеберлігіне кандидат» деген атағы да бар екен. Русланның досы оның Алматыдағы қанды қылмысқа баруын түрмеде жүріп психологиясының бұзулыумен байланыстырып отыр.

Күлікбаев 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1994 жылы отбасымен Тереңөзек кентінен Байқоңыр қаласына көшіп барған. Әкесі мен шешесі ажырасқан. Қазір әкесі Астанада тұрады, басқа отбасы бар. Руслан үйде алты ағайынды екен. Русланның бір ағасы, әпкесі және үш інісі бар.

Күлікбаев 2010 жылы 27 тамызда кісі тонағаны үшін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен шартты жазаға кесіліп, 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны үшін Қызылорда қалалық сотының үкімімен алдыңғы жазасын қоса есептегенде үш жарым жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

qamshy.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады