BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда 5-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды

Алматыда №118 мектеп-гимназияның бесінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, 13 жастағы Алексей Халилов 16 сәуірде денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағына қатыспаған.

«Ол спорт залына кіреберістегі холда отырған. Дене шынықтыру сабағынан босатылған балалар отыратын орындықта күткен. Аяқ астынан Алексейдің жағдайы нашарлап қалды. Оған алғашқы жедел көмек көрсетілді және медициналық жедел жәрдем шақырылды», - делінген хабарламада.

Білім басқармасының ақпаратына қарағанда, Алексей бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқыған. Бұған дейін де бірнеше рет есінен талып қалған.

«Сынып жетекшісі баланың ата-анасына бірнеше рет медициналық тексеруден өту туралы ескерткен. Оның әжесі тексеріліп жатырмыз деген. Ал, Алексейдің атасы А.Р. Нартовтың айтуынша, немересінің қан айналым жүйесі дұрыс істемеген. Сонымен қатар, медициналық картасындағы жазбаларда балада 2014 жылдан бері талып қалу тіркелген. Невропатологтың қабылдауында болған. Бұған дейін 2017 жылдың желтоқсанында талып қалды. Сонда невропатологтың ескертпесімен ем қабылдаған болатын», - деп хабарлады Алматы қаласының білім беру басқармасы.

Қазір Алматы ІІД Жетісу ауданының ІІБ тергеу жүргізіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер