BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Алматы тұрғынының 7 жыл бұрын жоғалып кеткен ұлы өлі күйінде табылды

Фото: vestikavkaza.ru

Кейін белгілі болғандай, ер бала жоғалып кеткеннен кейін көп уақыт өтпей қайтыс болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұлым бауыр циррозы дертімен ауырған. Оны ауруханаға алып келген кезде тірі болған екен, кейін ауруханада қайтыс болыпты. Ұлым өзімен бірге құжаттарын алып жүрмеген. Дәрігерлер оның туыстарын бірнеше күн күткеннен кейін жер қойнына тапсырған», - дейді жеті жыл бұрын із-түссіз жоғалған жігіттің анасы.

Ол ұлы жоғалып кеткеннен кейін көп уақыт өтпей көз жұмғанын және полиция қызметкерлері келіп, не себепті жеті жыл бойы олардың көмегіне жүгінбегенін сұрағанын айтты.

«Мен полиция қызметкерлеріне кеше ғана бардым. Олар ұлымды жарты сағаттың ішінде-ақ тауып берді. Мен полиция қызметкерлеріне және медицина қызметкерлеріне ұлымды тауып бергендері үшін алғыс айтамын. Оларға көп рахмет! Тым болмағанда ұлымызға Құран бағыштадық», - дейді ол.

Еске сала кетсек, әйел баласы жоғалып кеткеніне жеті жыл болғанда ғана полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Оған дейін ол «Жди меня», «Бармысың, бауырым» бағдарламаларына барып, көмек сұраған, бірақ құқық қорғау органдарына сенбегендіктен, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінбеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер