BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Алматы тауларында 8 адам құтқарылды

Фото: ic24.kz

Алматыда құтқарушылар өткен демалыста тауда адасып кеткен 8 адамды құтқарды, деп хабарлайды Baqkz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы өткен демалыста екі құтқару операциясын жүргізді.

«Жексенбі күні кешкі 18:38-де туристер тобы таудан өз бетінше түсе алмай жатқаны туралы шұғыл хабарлама түсті. Бес адамның бірі – бала», - деді баспасөз қызметінен.

Оқиға орнынакеткен 5 жасақ сарбазы адасқандарды бірден тапқан. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Сол күні Жедел құтқару жасағы Көкжайлау шатқалында адасып кеткен тағы 3 әйелді құтқарды.

«Жаяу шыққан әйелдер қайтар жолды таба алмай қалған. 5 минутта оқиға орнына шыққан құтқарушылар итпен із кесу арқылы адасқан әйелдерді тауып алды. Құтқарушылар оларды машинаға дейін аман-есен жеткізді», - деді РЖҚЖ құтқарушылары.

Құтқарушылар тауға шыққанда барынша абай болуды ескертеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер