BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматы прокуратурасы 15 жастағы қыздың зорлануына қатысты түсініктеме берді

Алматы қаласының прокуратурасы 3 жігіттің 15 жастағы қызды аяусыз зорлауына қатысты іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы прокуратурасы Рахимова Н. К. видео үндеуін зерттеді. Видео үндеуде Рысбекқызы А. Жоғалған сәтте полиция қызметі тиісті әрекет жасамағанын, әрі қызға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті жасалғаны айтылған. Зардап шегушінің куәлік беруіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-тармағы және 126-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді», — дейді Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аталған ведомство бұл істі өз бақылауына алғанын атап өтті.

«Қозғалған қылмыстық іс бойынша прокурор бекітілді. Психолог және ата-аналар, зардап шегушімен бірге тергеу әрекеттері жүргізіледі. Болған оқиғаға объективті баға қылмыстық істің қорытындысы шыққан соң беріледі», — деп түйіндеді сөзін Алматы прокуратурасы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 23 ақпанда жоғалып, 12 күннен кейін табылған қыз басынан өткен сұмдық жайтты өзі айтып бергені туралы хабарлаған едік.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер