BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Алматы полициясы алаяқтық іс бойынша ұсталған күдікті әйелді тексеруде

Фото: Түркісіб ауданы ІІБ

1964 жылы туған Кежнегүл Макеева, сот шешімін оңтайлы етіп шығаруға мүмкіндігім бар деген желеумен осы жылдың сәуір айында 36 жастағы Алматы тұрғынынан 20 мың доллар мөлшерінде ақша алып, артынша жасырынып қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Арызданушының айтуынша, ол телефон қоңырауына жауап бермеген және әрдайым кездесуден қашқақтаған. Іс жүзінде әйел адам мүмкіндігі бар екенін айтып, алдап келгені анықталды. Ол бұған дейін де алаяқтық ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі күні тергеу Макееваның қылмыстық әрекетінен өзге де зардап шеккен адамдардың бар болуы мүмкін екендігін алға тартып отыр. Егер осы адамның кесірінен сан соғып қалған адамдар болса мына телефонға хабарласуларыңызды сұраймыз: 298-54-01; 298-54-02 и 8-701-233-47-90», - деді Түркісіб ауданы ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Владимир Решетников.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер