BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Алматы облысының тұрғыны өз ауласының әдемілігі үшін көршісінің қақпасын ұрлаған

Ауласының әдемі болғанын қалаған Алматы облысының тұрғыны, ауылдасының қақпасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, қақпаның иесі сол ауыл басшыларының бірі екені де және өзімен бір көшеде тұратын көрші екені де оны тоқтатпаған.

«Кербұлақ ауданының полициясына ауылдардың бірінде темір қақпаның жоғалғаны туралы хабар түсті. Аталған ауылдың учаскелік полиция инспекторы жүргізген іс-шаралар барысында күдікті ретінде 38 жастағы сол ауылдың тұрғыны анықталды. Айғақзат тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «ерекше» қылмыс жасаған ауыл тұрғынына қатысты еліміздің қылмыстық заңнамасына сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекенжайын ауыстырмау туралы міндеттемеге сәйкес босатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер