BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Алматы облысында жол апатынан бір үйден төрт адам қаза болды

Фото: Куәгерлер жіберген

Кеген-Сарыжаз-Нарынкол автожолының Кеген бағытындағы 8 км 700 м қашықтықта жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Екі жеңіл көлік соқтығуы салдарынан жол апаты орын алған. Екі машинада 8 айлық бір нәрестеден басқа 10 адам болған. Оқиға салдарынан бес адам қаза болып, алтауы ауыр жарақат алған. Жол апатынан жедел жәрдем келгенше қаза болғандардың барлығы да бір отбасының адамдары. Олар - Бүйенбаева Баян 1978 жылы туған, Бүйенбаев Дамир 1990 жылы туған, Ашкеев Айдын 1974 жылы туған, Ашкеев Мирас 2003 жылы туған, Стамбакиев Жұматай 1992 жылы туған.

Бұлардан бөлек тағы алты адам түрлі дене жарақатымен жан сақтау бөлімінде жатыр.

Олар - 1971 жылы туған Садирмекова Мәншүк, 1992 жылы дүниеге келген Әбдрасілова Айдана, 1992 жылғы Тәжіков Әли, сегіз айлық Бақберген Жанай, 1992 жылы туған Бахманбетова Лаура және 1992 жылғы Кемелжанов Данияр.

Қазіргі кезде жол апатының неден шыққаны анықталып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер