Алматы облысында жоғалған 16 жастағы қыз табылды - Оқиға|05 Ақпан 2018, 09:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Алматы облысында жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Полиция қызметкерлері Алматы облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Дорожный патруль» сайтына сілтеме жасап.

Атап өтсек, кәмелетке толмаған қыз 28 қаңтар күні таңертең үйінен шығып кеткен болатын. Жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстарына 18 полиция қызметкері жұмылдырылды. Қызды 4 ақпан күні сағат 15.50-де ювеналды полиция қызметкерлері, атап айтсақ капитан Бақыт Құрманбеков, лейтенант Нұрлан Әлібек пен Іле аудандық ІІД Криминалдық полиция бөлімінің майоры Қанат Шыныбаев тапты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер