BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматы облысында зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікпен қамалды

Полицейлер Еңбекшіқазақ ауданының 42 жастағы тұрғынының өліміне қатысты қылмысты ашты. Күдікті ұсталды және қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл дерек Еңбекшіқазақ ауданының Байдібек ауылында тіркелген. 11 қыркүйек күні жеке үйлердің бірінің жанында арқасында пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылған.

«Зардап шегуші өз үйінің жанында қайтыс болған және оны ауылдасы тауып алған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қайтыс болған азаматтың 63 жастағы әкесі ұсталды. Анықталғанындай, алкогольдік ішімдік қабылдау барысында әкесі мен баласы арасында жанжал туындап, нәтижесі ауыр қылмысқа әкеп соғады. Оқиға орнынан пышақ табылып, ол тәркіленді. Айғақзат ретінде тергеу материалдарына тіркелді»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» 99- бабына сәйкес жүргізілуде. Күдікті Еңбекшіқазақ ауданының АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер