BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматы облысында таутеке атқан браконьерлер қолға түсті

Алматы облысында полицейлер табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, заңсыз аң аулау мен заңсыз ағаш кесушілердің алдын алуға бағытталған «Браконьер» алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шара 10 қыркүйекте басталып, айдың 28-іне дейін жалғасады.

Рейдтер барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 37 фактісі анықталды. Оның 11 дерегі бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде.

«Браконьерлерден 15 куб заңсыз дайындалған сексеуіл тәркіленді. Сонымен қатар, қызыл кітапқа енген тораңғы ағашын қысқы отын ретінде дайындау фактісі анықталды. Сарқан ауданында елік атқан Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталса, Ұйғыр ауданында аңшылық жасау кезінде таутеке атып алған бес ауыл тұрғынынан құралған топ қолға түсті. Ұсталғандардан 5 қару-жарақ тәркіленді, оның төртеуі заңсыз қару болып шықты. Қылмыстық жауапкершілік көзделетін фактілер бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс жүргізілуде»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары осы іс-шара кезінде 26 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде, аңшылық үшін – 8, балық аулау тәртібін бұзған – 9, қаруды сақтау және алып жүру ережесін сақтамаған 8 адам анықталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер