BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Алматы облысында таулы аймақта ресейлік азамат суға батып кетті

Фото: almatyregion-tour.kz

Ресей Федерациясының азаматы Алматы облысының таулы аймағында туристік сапар кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Облыстағы құтқарушылар оларға көмекке барған.

Сегіз туристің бірі Ақсу өзеніне құлап, батып кеткен. Қайғылы жағдай Талдықорған қаласынан 120 шақырымдық жерде болған.

«Қазіргі ақпарат бойынша, олар Алматы облысының жедел-құтқару отрядына ресми түрде тіркелуден өтпеген. Қазір туристерді шатқалдан көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таулы жерде жүру жағдайы мен байланыстың жоқтығы құтқарушылардың жұмысын қиындатуда», - дейді ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бұл жағдай туралы 10 маусым күні кешкі сағат 20:00-ден кейін хабарланған. Құтқарушылар тез арада оқиға орнына барған. Олар Ақсу ауданына түнгі сағат бірге қарай жеткен.

ТЖК тауда адасу, әсіресе түнгі уақытта алған бағыттан жаңылысу оңай екенін, сол себепті бойдағы күш-қуатты есептеп, кешқұрым күрделі жолдармен жүрмеу керектігін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер