BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Алматы облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

Райымбек ауданының аумағында жүргізілген рейд барысында Жалаңаш ауылына жақын маңда тәртіп сақшылары «Мерседес-Бенц» автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан ірі көлемде есірткі тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Шетелдік көлікті 28 жастағы азамат басқарған, ал машинада 19 жастағы жолаушы болды. Екі азамат та – Талғар ауданының тұрғындары. Автокөліктің жүксалғышын тексеру барысында полицейлер жалпы салмағы 9 килограмм 339 грамм болатын марихуана тауып, оны тәркіледі. Ұсталған тұлғалар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта есірткі тасымалдау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілер мекенжайын ауыстырмау туралы міндеттемемен босатылды.

Айта кетейік, ІІД таратқан ақпаратқа сәйкес, облыстың тәртіп сақшылары жыл басынан бері 4 тоннадан астам әртүрлі есірткіні заңсыз сауда айналымынан тәркілеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер