Алматы облысында атыс болып, полицей қаза тапты - Оқиға|14 Мамыр 2018, 12:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Алматы облысында атыс болып, полицей қаза тапты

Алматы облысының Есік қаласында атыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір мәлімет бойынша, жарақат алғандардың біреуі - ІІАБ қызметкері. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға мамырдың 7-сінен 8-не қараған түні болған. Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасындағылар 8 мамыр күні таңғы сағат 03:00 кезінде оқ жарақатымен екі ер адамның келіп түскенін растады. Олардың біреуі – 31 жастағы полиция қызметкері. Ол 11 мамыр күні қаза тапты. Оқ тиюден бөлек көптеген жарақат алған.

Екінші ер адамның жағдайы тұрақты. Ол біраз уақытқа дейін ауруханада жатып емделеді. Оқ тиюден бөлек, аяғы сынған. Аурухана қызметкерлерінің хабарлауынша, ол 1986 жылы дүниеге келген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер