BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматы маңында бала күтуші 3 жасар бүлдіршінді жәбірлеген

Фото: gallery.mobile9.com

Алматы облысында бала күтуші кішкентай баланы азаптаған. Баланың ата-анасы оны жасырын камера арқылы көрген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел Талғар ауданындағы отбасылардың біріне бала күтуші болып жұмысқа орналасады. Үш жасар балаға қарайтын ол күніне 1000 теңге жалақы алған.

Алматы облыстық №2 кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған сот үкіміне сәйкес, үйде баланың анасы жоқ екенін пайдаланған бала күтуші 2017 жылдың 9-27 қазан аралығында бүлдіршінді күнделікті жәбірлеп отырған. Ол балаға үнемі дауыс көтеріп, ұрған және өлтіретінін айтып қорқытқан.

Сот медициналық сараптама нәтижесі бойынша, әйел баланы қатты затпен ұрған болуы да мүмкін. Баланың анасы бала күтушінің іс-әрекеті туралы үйге орнатылған жасырын бейнекамера арқылы білген.

Сотталушы өзіне бейнежазбаны көрсеткеннен кейін ғана кінәсін мойындады. Бала күтушісі кәмелеттік жасқа толмаған баланы жәбірлегені үшін айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіптілігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Әйел сот залында тұтқындалды. Ол Өзбекстан азаматы болғандықтан, жазасын өтегеннен кейін бес жыл бойы Қазақстанға кіруіне тыйым салынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер