BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Алакөлде заңсыз арақ сатқандар ұсталды

Фото: YakutiaMedia

Салықтық тексеру барысында бес кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың маусым айында ШҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері ҚР салық заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында Алакөлге бірнеше рет сапар шеккен болатын. 10 бірдей салықтық тексерудің нәтижесінде бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзған үш салық төлеушіні жауапқа тартты. Тағы екі кісіпкердің құны 90 620 теңгені құрайтын 263 бөтелке алкогольді ішімдікті лицензиясыз сатпақ болғаны анықталған.

Департаменттің хабарлауынша, материалдар экономикалық тергеу қызметіне тапсырылды. Сол жерде заңды белден басқан кәсіпкерлерге қылмыстық жаза тағайындалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер