BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Ақтөбедегі Орталық базар өртенді

Фото: Автор

Ақтөбенің орталық базарынан өрт шықты. Базар әкімшілігінің ғимараты қызыл жалынға оранды. Куәгерлердің сөзінше, өрт кешкі сағат бестерге таман басталған. Өртті сөндіруге 14 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Орталық базар әкімдігі ғимараты өртке оранды. Абырой болғанда бүгін базарда тазалық күні. Қызметшілердің сөзінше, мұнда бүгін тек күзетшілер ғана болған. Куәгерлер тілсіз жаудың кешкі сағат 5-терде басталғанын айтады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 15 минутта жетіпті. Ғимараттың үшінші қабатынан түк қалмады.

«Қала сыртында демалып жүргенбіз. Естіп жаңа келіп тұрмыз. Қайта бүгін тазалық күні. Сондықтан адам жоқ. Тек күзетшілер ғана болуы керек. Естуімше, өрт электр сымының тұйықталуынан болған. Анық-қанығын айтуға әлі ерте ғой. Дегенмен, барлығы жақсы болсын»,-деді қала тұрғыны Сардор Абдурахмонов.

«Жарты сағат бұрын басталды өрт. Мынадан болды деп айту қиын. Бірақ өрт сөндірушілер 10 минут ішінде келіп болды. Қазір өртті сөндіруге көріп тұрсыз бірнеше көлік келді», - дейді ақтөбелік.

Ал, базар айналасын тәртіп сақшылары қоршап тастаған. Тұрғындар оқиғаны сырттан бақылап тұр. Базар әкімшілігінен пікір алу мүмкін болмады. Өрт сөндірушілерге хабар кешкі сағат 16.36-да түскен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 80-ге жуық өрт сөндіруші мен 14 арнайы техника жұмылдырылған.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрт алаңы 160 шаршы метрді құрады. Өрт кешкі сағат 17.13-да ауыздықталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр",-деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз хатшысыАқтілек Кеңес.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер