BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ақтөбеде жылқы іздеп жоғалғандар табылды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде үйір жылқысын іздеп жоғалғандар табылды. Іздеу жұмыстары нәтижесінде олардың Қызылорда облысының Арал ауданында екендіктері анықталған. Бүгін түнде олар Ақтөбеге жетеді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жылқы іздеген 6 ақтөбелік Қызылорда облысынан табылды. Барлығы дін-аман. Жоғалғандарды іздеуге «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы жұмылдырылды. Ақтөбелік тәртіп сақшыларымен қатар іздеу жұмыстарына Қарағанды мен Қызылорда облыстарының да полиция қызметкерлері қатысты.

«Жоғалған тұрғындарды іздеуге іздестіру тобы құрылды. Құрамында Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімі, Қарағанды мен Қызылорда облыстарының ішкі істер департаменттерінің полиция қызметкерлері бар. Іздестіру шарасының нәтижесінде жоғарыда көрсетілген тұлғалар Қызылорда облысы Арал ауданының аумағынан анықталды»,-деді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жоғалған 6 ақтөбеліктің арасында бір үйдің қос ұлы болған. Олардың әкесі 8-қыркүйек күні Ақтөбедегі Заречный полиция бөлімшесіне арыз түсірді. Облыстық әкімдік пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұраған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер