BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ақтөбеде медициналық бетперде киіп ірі көлемде қаржы ұрлағандар ұсталды

Ағымдағы жылдың ақпан айының 8-інде Қандыағаш қаласынан шығар жолда медициналық бетперде киген белгісіз екеу фармацевтикалық фирмалардың бірінің көлік жүргізушісіне күш қолданып, ірі көлемдегі қаржысын алып, «Ваз» көлігімен жасырынып үлгерген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің тұлғалары анықталды. Қазіргі таңда екі күдікті де ұсталды, оларға қатысты соттың санкциясымен қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұсталған екі күдікті осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сот алды тергеу амалдары жүруде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер