BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ақтөбеде лифтіде ер адам қызды буындырды

Ол қыздың артынан шабуыл жасап, қылғындыра бастаған. Содан соң сөмкесін алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі жергілікті diapazon.kz басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс Әбілқайыр хан даңғылы №64 үйде болған. Ер адам 9-қабаттың баспалдағында тұрған. Кейін одан төменгі қабаттан қыздың лифтіге кіргенін көріп, артынан бірге кіреді. Лифт төмен түсе бастағанда қызды мойнынан ұстап алып, буындыра бастаған. Ұрамын деп қорқытады. Содан соң қыздың сөмкесін тартып алады. Ішінде ақшасы мен телефоны болған. Қылмыскер бір апта өткен соң ұсталды.

Қазір 38 жастағы қылмыскер Виталий П. Ақтөбеде сотталып жатыр. Бұдан басқа оның қылмыстың ісінде ұрлық және алаяқтық бабы бойынша 2 оқиға тіркелген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер