Ақтөбеде емханада науқас терапевтке пышақ жұмсады - Оқиға|13 Маусым 2018, 14:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Ақтөбеде емханада науқас терапевтке пышақ жұмсады

Фото: sb.by

Науқас отбасылық емхана дәрігеріне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай 7 маусымда сағат 12.00 кезінде болған. Науқас жас терапевт дәрігердің қабылдауына кіреді. Ол кенеттен пакет ішінен пышақ алып шығып, «Мен сені өлтірем» деп дауыстаған және 26 жастағы дәрігерге сұғып алған. Дәрігер жарақат алғанына қарамастан науқастың құрығынан қашып кетеді.

Емхана қызметкерлері науқасты қамап қойып, жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкерлерін шақырған. Аталған факті бойынша «өмірге қастандық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегушіге ота жасалды. Облыстық денсаулық сақтау өкілдерінің айтуларынша, жара тереңдей қоймапты. Бұлай болуына не себеп болғанын ішкі істер департаменті қызметкерлері анықтап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер