BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Ақтөбеде әскери қызметкер жалдамалы жұмысшыны өлтірді

Фото: sputniknews.kz

Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының жүргізушісі үйіне жөндеу жұмысын істету үшін жалдаған жұмысшыны өлтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс бойынша Ақтөбе гарнизонының әскери соты үкім шығарды.

Аян Жәрменов 2017 жылдың қазан айында үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жәбірленуші С.Киктенконы жалдаған. Іс материалдарына сәйкес, А.Жарменов металл ыдыс үшін жұмысшымен керісіп, ақыры жұдырығымен бірнеше рет ұрып жіберген. Сөйтіп жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Содан кейін А.Жарменов оқиға орнынан кетіп қалады. Ішінен ауыр соққы алған жәбірленуші 27 қазан күні қаза табады.

Сот-медициналық сараптама 54 жастағы С.Киктенко ішкі қан кету және көкбауырдың жарылуы салдарынан қайтыс болғанын анықтады.

А.Жәрменов адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айыпталды, бірақ өзіне тағылған айыппен келіспеді. Ол С.Киктенконы үйге жөндеу жұмысын жасату үшін жалдағанын айтты. Жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жұмысшы көршінің метелл ыдысын рұқсатсыз алмақшы болған. Ұрлық жасамақ болған жұмысшысын осылай «жазалаған» Жарменов оның қайтыс болғанын көршілерінен естіген.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты Аян Жарменовты денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізгені үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Сотталушы «сержант» әскери шенінен де айырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер