BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ақтөбеде 9 жасар қыздан ләззат іздеген дене шынықтыру мұғаліміне үкім шықты

Ақтөбеде 9 жасар қыздан ләззат іздеген №16 мектептің дене шынықтыру мұғаліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ақтөбеде жұрттың жағасын ұстатқан жан түршігерлік оқиғаға нүкте қойылды. 9 жасар қызды аймалап, анайы әрекеттерге барған дене шынықтыру мұғалімі енді 7 жылын түрмеде өтейтін болды. Кінәсін мойындаған ұстаз сол уақытта не істеп, не қойғанын түсінбегенін айтып ақталмақ болды.

Оқиға Ақтөбе қаласының №16 мектебінде орын алған. Жұмыс істеп жүргеніне бір жыл толмаған жас мұғалім Бексұлтан Елемесов 3-сынып оқушыларына сабақ өткізіп жатқан. Балалар футбол ойнап жүрген. Мұғалімнің кабинетінде екі қыз тоғыз құмалақ ойнап отырады. Олардың ойынын осы оқиғаның кейіпкері, 9 жастағы қыз бақылап отырады.

Алдымен ұстаз оны тізесіне отырғызып алған. Кейін құшақтай бергенде қыз қорқып, кабинеттен қашып шығады. Соңынан іле жүгірген жігіт қаршадай қызды киім ауыстыратын бөлмеге кіргізіп, оның ұятты жерлерін ұстап, аймалай бастайды. Өзінің белден төмен мүшесін ұстатады. Осыдан ләззат алған ол қыз баланы босатып жібереді.

Қорыққан қыз болған жағдайды ата-анасына бірден айта алмаған. Тек кешке ғана көзіне жас алып, анасына мұғалімнің істеген әрекетін жайып салады.

«Ол үйге келіп, болған жайтты тек кешке ғана баяндап берді, өкіріп жылады. Күйеуім бірден барып, сазайын тарттырмақ еді, мен жібермедім. Егер оған бірдеңе істейтін болса, жазаға қоса тартылар еді. Ана жігітті мен кешірдім. Ол оқиға болған сәтте есі ауысып, не істеп, не қойғанымды түсінбедім дейді», – деп анасы қызының бастан кешкен оқиғасын айтып берді.

Ата-анасы арыз түсірген соң Елемесов тергеу абақтысына қамауға алынды. Бұған дейін ерсі қылығымен көзге түспеген әріптесі жайында мектептегілер жақсы пікірде. 22-дегі жас жігіт бұл мектепке былтыр келген. Университетті қызыл дипломмен бітірген. Тіпті, әріптестері ол мұндай қадамға баруы мүмкін деп мүлде ойламаған.

Прокурор соттан жас жігітті 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, зардап шеккен тараптан кешірім сұрады.

Сот шешімімен Бексұлтан Елемесов 7 жылға қамау жазасына кесілді. Сондай-ақ, енді ол ешқашан мұғалім болып жұмыс істей алмайды. Заң әлі күшіне енген жоқ. Өз үкімін естіген сотталушы соңғы сөз алған жоқ. Ал анасы ұлын көз жасымен шығарып салды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер